нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

БҚО дін мәселелерін зерттеу Орталығының жаңалықтары

28.11.2017

Ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған семинар өтті

2017 жылдың 28 қарашасында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрдің өзара байланысы» тақырыбында  ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған облыстық оқыту семинары өтті.

Семинарға Атырау облысы дін істері басқармасының бөлімінің басшысы Каһарман Мусаев, Атырау облысы дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығының» бөлім басшысы Ернар Абзалов, Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Баянгүл Семгалиева, Орал қаласы Тәжиден Батырұлы мешітінің наиб имамы Әсет Раманқұлов, Орал қалалық білім беру бөлімінің мектептен тыс жұмыс орталығы басшысының орынбасары Светлана Кужбанова, Батыс Қазақстан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Азамат Абдрахманов және дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері қатысты.

Оқыту семинарының мақсаты –  АТТ жұмысының сапасын және мүшелерінің біліктілік деңгейін арттыру.

Семинар барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы», «Зайырлылық және зайырлы мемлекет: мәні, мазмұны және сипаты», «Деструктивті интернет-ресурстардың белгілері және оларды анықтау әдістері», «Зайырлы қоғамдағы дінаралық келісім:дәстүрлі құндылықтар мен діннің рөлі», «Зайырлы қоғамдағы дінаралық келісім» тақырыптары қозғалып, тұжырымдаманың негізгі бағыттары талқыланды.

Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.