нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

БҚО дін мәселелерін зерттеу Орталығының жаңалықтары

30.01.2018

Облыс және қала мектептерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 29 қаңтарында облыс және қала мектептерінде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру аясында «Дін, қоғам және мемлекет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) жұмыстары басталды.

Мектептердегі АТТ жұмысының мақсаты - оқушы жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, зайырлылық қағидаттарын насихаттау, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды отаншсүйгіштікке тәрбиелеу.

Жоспарға сәйкес 29-30 қаңтар күні қалалық №1, №3, №4 ЖОББМ-ның 9-11 сынып оқушылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, мектеп психологтарының қатысуымен кездесулер өтті.

Оқушылармен кездесу барысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық принциптері, деструктивтік діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұру жолдары, сақтану әдістері, дәстүрлі діндердің ерекшелігі, еліміздегі ұлттық және конфессияаралық келісімнің маңыздылығы және т.б. мәселелер қарастырылып, оқушылар мен педагогтардың көкірегінде жүрген сұрақтарға жауап беріледі. 

АТТ жұмысы 2018 жылдың 14 наурызына дейін жалғасады.