нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Қарау жаңалықтар баспасөз қызметі

11.01.2018

Ақпараттық-түсіндіру топтары аттестациядан өтуде

Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын жетілдіру, жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында дайындаған жол картасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығы 2018 жылдың 10-16 қаңтар аралығында ақпараттық-түсіндіру топтарының (әрі қарай-АТТ) мүшелерін аттестациялау жұмыстарын жүргізуде.

Аттестациялаудың мақсаты - дін мәселесі бойынша құрылған АТТ мүшелерінің біліктілік деңгейін анықтау, халықпен жұмыс істеу сапасын арттыру, аудандық, қалалық деңгейде құрылған АТТ-ның сапалық құрамын қайта жасақтау.

Сонымен бірге, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған дін саласындағы саясаттың тиімділігін арттыру, зайырлылық қағидаттарын нығайту.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында құрылған 213 мүшеден тұратын 1 облыстық мобильді, 12 аудандық, 1 қалалық деңгейдегі 14 ақпараттық-түсіндіру топтары қызмет етуде.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-мен аттестацияның жұмысына әдістемелік нұсқаулықтар дайындалып, АТТ мүшелерінің жұмысын бағалау комиссиясы құрылды. Аттестация 2 кезеңнен өтеді: тест сұрақтарына жауап және ораторлық деңгейді анықтау мақсатында әңгімелесу.

Жоспарға сәйкес 2018 жылдың 10-11 қаңтарында Ақжайық және Бөрлі, Зеленов, Теректі және Сырым аудандарының АТТ мүшелері аттестациядан өтті.

Аттестаттау жұмыстарының қорытындысы комиссия шешімімен ағымдағы жылдың 19 қаңтарында белгілі болады.