нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Анықтама ақпараттар

27.06.2017

Дін мәселесіне қатысты ақпараттық-кеңес орталығы «114 қауырт желісі»

Діни қарым-қатынастар аясында практикалық және консультативті көмек көрсету бойынша «114 Қауырт желісі» «Діндерді зерттеу орталықтарының ассоциациясы» жанында 2013 жылы ашылды.

Қазіргі кезде жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КАБ мемлекеттік грант шеңберінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Жобаның мақсаты: Азаматтар мен ұйымдардан дін саласына тиесілі барлық сұрақтарды қабылдау, және де деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге психологиялық және консультативті көмек көрсету.

«114 Қауырт желісі» Қазақстанның бүкіл территориясына қызмет етіп, тек Қазақстан Республикасындағы алғашқы жоба бола бермей, барлық ТМД елдері үшін де бірегей бастама болып табылады.

Біз еліміздің кеңес беру және оңалту орталықтарымен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, Қазақстанның кез-келген аймағының мамандарымен жедел байланысу мүмкіндігіне иеміз.

Хабарласыңыз, егер:

✓Жақындарыңыз діни сипаттағы проблемалардың кесіріненөмірлік қиын жағдайға тап болса;

✓Сізге немесе сіздің жақындарыңызға оңалту бойынша мамандардың кеңесі мен көмегі қажет болатын болса;

✓Сіз дін призмасынан санамен айла-шарғы жасау тәсілдері туралы сапалы мәліметтерді іздесеңіз;

✓Сіз ҚР дін саласындағы заңнамасының бұзылғаны туралы біліп, ол туралы хабарлағыңыз келсе;

✓Сізге өз кәсіби деңгейіңізді көтеру үшін методикалық қолдау немесе кеңес керек болаты болса;

✓Сізге мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастар аясында құқықтық консультация керек болса.

Біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береіп, көмек көрсетеміз!

 Дін сұрақтары бойынша «114 Қауырт желі» операторлары анықтамалық, дінтанулық, құқықтық және психологиялық кеңестер бере отырып, барлық өтініштер мен шағымдарды тегін және құпия түрінде қабылдауға дайын.

Қалалық телефоннан «114» номеріне қоңырау шалыңыз (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)
+7 777 0000 114 WhatsApp номері бойынша қосымша қоңыраулар (хаттар және басқа да фото/видео материалдары бар басқа да хабарламалар) қабылданады.

 

Қоңырауларды қабылдау уақыты:

күн сайын 10.00 – 19.00 сағатқа дейін.

Жексенбі – демалыс.