нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Өзіңнің белсенді азаматтық ұстанымыңды білдір!

«Нұр Отан» партиясы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Арыңды таза ұста» атты әлеуметтік  жарнамалық конкурс өткізеді

 

Конкурс «Нұр Отан» партиясы және Агенттігі арасындағы бірлескен жоспардың шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Конкурстың мақсаттары:

-   Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты дәріптеу;

-   азаматтардың назарларын қазіргі заманғы қоғамдағы жемқорлыққа қарсы проблемаларға аудару.

 Жұмыс тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің әр-түрлі бағыттарын, жемқорлыққа қарсы алдын алудың түрлі тәсілдерін, жемқорлық көріністерінің пайда болу себептері мен салдарларын талдауды, жемқорлықты қабылданбайтындай ететін өмірдің жалпы жұрттық моральдық қағидаларын дәріптеуді қамтуы тиіс. Жемқорлықтың пайда болуының тарихи аспектілерін талдау, халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, жемқорлыққа қарсы күрестің тәсілдері, сонымен қатар жұмыс авторының қоғамдағы жемқорлық көріністеріне төзбеу атмосферасын жасауға бағытталған азаматтық ұстанымы туралы ақпарат, жемқорлықты жоюдағы конструкциялық ұсыныстар құпталады.

Конкурсқа жасы 18-ге толған азаматтар, жастар ұйымдары, творчестволық ұжымдар және креативті студиялар қатыса алады.

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

а) конкурсқа қатысу үшін берілген тақырыпқа сай видеоролик дайындау қажет;

б) Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар төмендегідей талаптарға сай келуі тиіс: жұмыстың мазмұны, сюжеті, сахналық тұлғалардың және кейіпкерлердің әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтіндей болуы керек;

в) конкурсқа ұсынылатын жұмыстарда күмәнді мәліметтерді пайдалануға тиым салынады;

г) басқа біреудің видеографикалық материалдарын, мәтіндерін, дизайнның идеяларын толық немесе ішінара пайдалануға тиым салынады. Көріністер әдепті болуы тиісті, әдепсіз лексика мен ымдар, зорлық-зомбылық көріністері болмауы тиісті, сонымен қатар ұлтаралық және діни қайшылықтарды қоздырмауы керек. 

д) дыбыстық немесе дыбыссыз  көріністердің, видеолардың тізбегі 45 секундтан ұзақ болмауы керек.

Конкурсқа қатысу үшін формаға сәйкес өтініш берілу керек (қосымша).

Өтінішке мыналар қоса тіркеледі:

а) автордың тегі, аты, әкесінің аты және контакт ақапарттары көрсетілген конкурстық жұмыстың қысқаша мазмұны;

б) конкурстық жұмыс AVI, FLV форматындағы CD/DVD дискілерінде ұсынылады немесе электронды адреске жолданады (хронометраж 45 секундтан ұзақ болмауы керек).

Конкурстық жұмыстар 2018 жылдың 20 қазанына дейін  «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалына (Орал қ., Ж.Молдағалиев к., 19 үй, 306 қызметтік бөлме, жұмыс тел. 8 711 224 2666, ұялы тел. 8 778 097 6709, 8 777 478 7321) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбындағы видеоролик байқауына» белгісімен немесе өтініштің сканерленген нұсқасы, видеоролик, конкурстық жұмыстың қысқаша мазмұны m.mukashev@nurotan.kzэлектронды адресіне жолданады.

Конкурсқа жолданған құжаттар қайтарылмайды және сын-пікірлер жазылмайды.

Конкурсқа жолданатын жұмыстардың және өтініштердің саны шектелмейді.

 

Конкурстық жұмыстарды бағалауда төмендегілер ескеріледі:

-         жаңашылдық;

-         жұмыстың тақырыпқа сай болуы;

-         автордың тақырыпты ашып көрсетудегі дәлелділігі;

-         творчестволық шешімнің кәсибилігі, қолданылған жарнамалық, әлеуметтік әдіс-тәселдер мен технологиялардың аудиторияға әсер етуінің тиімділігі;

-         конкурстық жұмыстың әлеуметтік мәнділігі, позитивтілігі, креативтілігі;

-         жұмысты орындаудағы стилінің дәлдігі мен мақсаттылығы.

 

Конкурс жеңімпаздары комиссияның тапсырылған жұмыстарды бағалаудың қорытындысы бойынша анықталады.

Конкурс жеңімпаздары туралы ақпарат комиссия отырысының хаттамасы қол қойылған күннен 10 күн өткен соң партияның www.nurotan.kz сайтында жарияланады.

Ақпараттық қолдауды Байқау ұйымдастырушылары қамтамасыз етеді.

 

 

 

Қосымша

 

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІШІ

 

Т.А.Ә. немесе ұйымның атауы

 

Туылған датасы

 

Тұрғылықты мекен-жайы, телефон, е-mail.

 

Жұмыс орны (лауазымы) немесе оқу орнының атауы (курс)

 

 

Байқаудың шарттарымен таныстым және келісемін. Автор ретінде конкурстық жұмысымды интернет желісінде, теле-, радиобағдарламаларда және сыртқы жарнамаларда, сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағында коммерциялық емес бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде   ақысыз жариялауға қарсы емеспін.

 

 

___________________________ қолы, күні

http://www.kyzmet.gov.kz/kk/news/ozinnin-belsendi-azamattyk-ustanymyndy-bildir

Өзіңнің белсенді азаматтық ұстанымыңды білдір!

Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі басымдығы.

Қазіргі уақытта Агенттікпен аталған Стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды орындау жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.

Аталған жоспардың маңыздылығы алдағы үш жылда іске асырылатын елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты оған қосылған іс-шараларға негізделетін болады.

Аталған құжатты талқылауда азаматтардың белсенді қатысуына (сілтеме: https://drive.google.com/file/d/0B1wB55uxyZ-wcm5XM0ZqQWdFMWs/view?usp=sh...) және өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін келесі мекенжай бойынша ((r.shakratova@kyzmet.gov.kzhttps://www.facebook.com/ADGSPK/)) жолдауға шақырамыз.