нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Буддизм

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БУДДИЗМ

Буддизм – біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда Үндістанда пайда болған ең көне әлемдік дін.

Будда ертеректе өз насихатында брахманизмде пайда болған көптеген түсініктерді қолданды.Сондықтан Буддизм діні  сансараны (жанның қайта тірілуі), карманы (сауап) және дхарманы (тура жол) мойындайды.

Буддизмнің екі негізгі бағыты бар – хинаяна (тхеравада) және махаяна.

Хинаяна (тар жол) өзінің ілімі бойынша ертедегі буддизмге жақын. Хинаянадағы құтқарылудың жалғыз жолы аскетизм және монах қоғамында, яғни сангхада өмір сүру болып табылады.

Махаяна (кең жол) тұлғаға ауқымды жүріс-тұрыс еркіндігін береді, тыйым салынған ережелерді ұстануда қаталдық танытуы аз, монах жолын міндеттемейді, зайырлы өмір сүруге рұқсат береді. Сонымен қатар, нирванаға тек аз көлемдегі монахтар ғана емес, қарапайым адамдар да қол жеткізе алады.

Бүгінгі күні Қазақстанда 2 будда діни бірлестігі жұмыс істейді, олардың біреуі Алматы қаласында, екіншісі Батыс Қазақстан облысында орналасқан.

Алматы қаласында Вон-Буддалық діни бірлестік жұмыс істейді, оның басшысы – Палагина Лариса Львовна

Жергілікті діни бірлестік (ЖДБ) 1997 жылы құрылған, өзінің  арнайы мамандырылған діни ғимараты бар.

Вон-Буддизмнің негізін қалаушы – Сотхесан Тэджонс атымен белгілі, Вон-Буддалықтар «жаңа дәуір Буддасы» деп құрметтейтін Пак Чун Бин (1891-1943.

«Батыс Қазақстан облысы буддалық жергілікті діни бірлестігінің» басшысы – Быкова Людмила Васильевна