нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Ислам

Ислам – біздің заманымыздың VII ғасырының басында пайда болған әлемдік діндердің ішіндегі ең жасы.

Ислам Қараханидтер мемлекетінде Х ғасырдың соңында мемлекеттік дін ретінде бекітілген болатын. Қожа Ахмет Яссауи аймақтағы түркі тілдес халықтар арасында Ислам дінін насихаттауда үлкен үлес қосты (1166 жылы қайтыс болды).

1923 жылы Уфа қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде Ішкі Ресей мен Сібір мұсылмандары басқармасының құрамына Қазақстан бөлімі (қазиат) енгізілді. Уақыт өте келе қазиат деп аталатын мұсылмандар діни басқармасы – 1943 жылы құрылған, орталығы Ташкент қаласы болып, Орталық Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрамына берілді. Орталық Азияның кеңестік бөлігіндегі басқа республикалардағы сияқты Қазақстанда да қазиат құрылды.

1990 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Өз алдына жеке ҚМДБ-нің бірінші басшысы болып Ратбек Нысанбайұлы сайланды. 2000 жылы Республикамыздың мұсылмандары съезінде Қазақстанның Бас мүфтиі болып Әбсаттар қажы Дербісәліұлы сайланды.

2012 жылғы 19 маусымда «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық діни бірлестігі қайта тіркеуден өтті.

2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына Серікбай Ораз Сатыбалдыұлы сайланды.

ҚМДБ-нің құрылымына: 

  • ҚМДБ-нің төрағасы, Бас мүфти;
  • ҚМДБ-нің Наиб-мүфтилері;
  • ҚМДБ-нің орталық аппараты;
  • ҚМДБ-нің  ғалымдар кеңесі;
  • ҚМДБ-нің сараптау комиссиясы кіреді. 

Бас мүфти бес жылдық мерзімге сайланады, Құрылтайдың шешімімен лауазымына қайта сайланады немесе босатылады. Құрылтай 5 (бес) жылда бір рет шақырылады, қажет болған жағдайда ҚМДБ төралқасының бастамасымен шақырылады. 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты Батыс Қазақстан облыстық филиалдарының қызметі.

Филиал басшысы: Еркебұлан Ыбырайымұлы Қарақұлов - Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имам. 2018 жылдың 22 ақпанынан бастап, Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы қызметінде.

Облыс аумағында ислам дінінің суннит бағытындағы, ҚМДБ-ның филиалдары болып табылатын 45 мешіт қызмет атқарады. Оның ішінде 3 мешіт - Орал қаласында, 13 мешіт - аудан орталықтарында, 29 мешіт – ауылдық жерлерде орналасқан. Облыс әкімінің 22.01.2013 жылғы №8 қаулысына сәйкес облыс бойынша әзірге 4 намазхана бекітілген (Жәнібек ауданындағы Ұзынкөл, Тау, Талов ауылдық намазханалары, Тасқала ауданына қарасты Шежін ауылдық намазханасы).

Облыс аумағында діни қызмет атқаратын имамдардың саны – 72.

Мешіт ақпараттық-насихат жұмыстарын www.oral-islam.kz сайты арқылы жүргізеді.