нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Протестантизм

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛУІНШІЛЕР ДІНИ БІРЛЕСТІГІ

Елуіншілер – (қасиеттілік қозғалысы – Библияға сәйкес Иса мәсіхтің шәкірттері басқа тілдерде сөйлеу қасиетіне ие болған Елуінші күннен бері) – протестантизмнің бір бағыты, Топика қаласындағы библиялық мектепте 1901 жылғы 1 қыркүйекте ресми түрде құрылды (АҚШ, Канзас штаты).

Жаңа Өсиеттің хикаясына сәйкес Иисус Христос қайта тірілгеннен кейін 50-күні апостолдарға Қасиетті рух болып келгеніндей, әрбір шынайы сенуші адамға да келуі мүмкін деген наным аталған сенімнің негізін құрайды. Қасиетті Рух қонған адам, ұстанушылардың сенімі бойынша, болжау қабілетіне, ғажаптар жасауға, оған ертеректе таныс болмаған тілде сөйлеу (глоссолалия) қасиеттеріне ие болады.

Елуіншілер арасында сумен шоқындыру және Құдайға арналған кештер (причастие немесе хлебопреломление) секілді құлшылық түрлері маңызды орын алады.

Келесі ғұрыптарды мойындайды: неке қию, балаларға бата беру, ауру адамға шипа тілеу, аяқтарын жуу (причастие уақытында), құлшылық қылу.

Қазақстандағы Елуіншілердің 217 жергілікті діни бірлестіктері бар. Ерекше көп таралғандары «Жаңа өмір» Інжілдік-Христиан шіркеуі сенімі (41), «Өмір бұлағы» Інжілдік-Христиандардың Елуіншілер шіркеуі» (27), «Агапе» Елуіншілердің Інжілдік-Христиан шіркеуі (28), «Сун Бок Ым» шіркеуі (7) болып табылады. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Крюков Иван Михаилович – Батыс аймақтағы елуіншілер шіркеулері одақтастығының координаторы болып есептеледі. Облыс аумағында Елуіншілер шіркеулері бағытында 3 жергілікті діни бірлестік тіркелді: «Орал қаласы «Жаңа Өмір» Евангельдік сенімінің мәсіхшілер Сенушілер Қауымы», «Источник жизни» евангельдік христиан шіркеуі», «АГАПЕ» евангельдік христиан шіркеуі». 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІНЖІЛДІК ХРИСТИАН-БАПТИСТЕРІ

Баптизм әлемде көп таралған протестанттық бағыт болып табылады.

XIX ғ. 80-жылдары Ресейдің еуропалық бөлігінен  әртүрлі діни сенімдерге қоса баптизмді ұстанатын адамдардың қоныс аударуына байланысты  Қазақстандағы бірінші баптизм өкілдері пайда болды.

Кеңес уақытында баптистердің діни бірлестіктерін лажсыздан тіркегеніне қарамастан, олардың саны үнемі өсіп отырды. КСРО ыдыраған кезде Қазақстанда 109 інжілдік христиандық-баптистердің қауымы тіркелді.          

Бүгінгі таңда баптистердің ішінде орыстар, украиндар, белорустар, қазақтар, кәрістер көптеп саналады.

Қазақстанда бүгінде 181 Інжілдік христиан-баптистер ЖДБ бар.

Інжілдік христиан-баптистер Одағына – 135 ЖДБ, 46 автономиялық жеке қонысты шіркеу ІХБ-ге  жатады. Елімізде ІХБ автономиялық жеке қонысты шіркеулерінің бірегей басқарушысы жоқ.

Батыс Қазақстан облысы бойынша«Евангель Жарығы»  Евангельдік христиан баптисттер шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі және оған қарасты 4 филиалы қызмет атқаруда. Басшысы: Димитров Александр Степанович. 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРЕСВИТЕРИАНДЫҚ ДІНИ БІРЛЕСТІК

Пресвитериандық – (гректің «үлкен» деген сөзінен) – протестант конфессиясының бір бағыты және шіркеулік ұйымның ерекше формасы.

Пресвитериандық Жан Кальвиннің іліміне сүйенеді, сондай-ақ кальвинизмнің және кең ұғыммен алғанда реформаттық шіркеу тармақтарының бірі ретінде қарастырылады.

Пресвитериандық 1559-1560 жж. Шотландияда болған протестант төңкерісі уақытында пайда болды.

Пресвитериандық доктрина Құдайдың жоғарғы күшіне сенуге және Құдайдан құт-береке келуі үшін тек сенім ғана керек екеніне, оның ішінде құтқарылу сұрақтарына, тағдырға, Қасиетті жазудың дұрыстығына, негізделеді. 

Пресвитериандық құтқарылу мәселелерінде діни адамдардың қатысуы қажеттілігін мойындамайды, сондықтан пресвитериан шіркеулерінде епископтық құрылғылар жоқ. Шіркеу ұйымы келушілердің өздерінен сайланып,  пасторлар және пресвитериандармен басқарылатын қауымның жиынтығын білдіреді.

Пресвитериандық шіркеулері Қазақстанда ХХ ғасырдың 90 жж. пайда болды. Көп шіркеулер шетелдік миссонерлерден құрылды және құрылу барысында маңызды жәрдемді шетелдерден алды. Бұл бірлестіктер өз қызметінде әртүрлі ұлт өкілдері арасында белсенді насихат жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 106 пресвитериан діни бірлестіктері өз қызметтерін жүргізуде.

Келушілердің саны 3 900 адамды құрайды.

Шіркеулерге келушілердің ұлттық құрамы орыс, қазақ, неміс, кәріс, армян және әр түрлі т.б. ұлт өкілдерінен тұрады.

Пресвитериан шіркеулерінің құрамына кіретін 9 – «Благодать», 20 – «Грейс» атты анағұрлым ірі діни бірлестіктер мен филиалдар бар.Қазақстандағы ЖДБ Пресвитериандық шіркеуінің негізгі басшылары – Кан Дмитрий Валентинович, Кашкумбаев Бакытжан Каримович.

«Христиан-пресвитериан шіркеуі» ЖДБ БҚО бойынша басшысы: Крайникова  Светлана Тимофеевна.

«ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ» ХРИСТИАНДЫҚ ҚАУЫМЫ

«Ехоба куәгерлері» деп аталатын діни ұйым XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болды. Бұл ұйымның негізін қалаушы Рутерфорд Иса пайғамбардың (ис. 43:10-12) сөздеріне негіздеген. Сенімдік негіздері – библиялық ақиқаттарды түсіндіру үшін қолданылатын Библия.

«Ехоба куәгерлері» ЖДБ тарихы АҚШ-та 1870 жылы Ч.Рассель негізін қалаған «Библияны зерттеушілер» атауынан бастау алады. 1884 жылы ұйымның баспа басылымын қамтамасыз ету үшін «Общество Сторожевой Башни, Библий и трактатов» құрылды (Пенсильвания).

«Ехоба куәгерлері» дүниежүзілік рухани-әкімшілігінің орталығы Бруклиндегі Басқарушы Корпорация болып табылады. Олар діни әдебиеттерді шығарумен айналысады, соның ішінде Қазақстанды қоса есептегенде әлемнің 216 елінде 67 тілде «Сторожевая башня», «Пробудитесь» атты журналдар шығарады.

Дүниежүзі бойынша «Ехоба куәгерлері» ілімінің жолын қуушылар саны шамамен 7,5 миллион адамды құрайды.

Ехоба куәгерлері Еуропа мен АҚШ-ты қосқанда 200-ден астам елде заңды түрде қызмет етеді.

Олардың қызметіне Азия мен Африканың 25 мемлекеттерінде, Қытай, Солтүстік Корея, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Сауд Арабия, Иран, Иракта және т.б. елдерде тыйым салынған.

«Ехоба куәгерлері» ЖДБ діни ілімі саясат пен мәдениетке, мемлекеттік, зайырлы және діни мерекелер мен туған күндерге, зайырлы білім алуға, өзге конфессияларға, сондай-ақ екпе және қан құюға қатыстылығымен ерекшеленеді.

2014 жылы Ехоба куәгерлері белсенді өкілдерінің әлем бойынша 115 416 қоғамға біріккен 8 201 545 адамға жетті. 2014 жылы өзінде аталмыш ұйымға келушілердің саны 275 581 адамды құраған. Қазақстанның діни жағдайында Ехоба куәгерлері ілімі ХІХ ғасырдың соңында тарала бастады. Оның тарихы 1892 жылғы Семион Козлицкийдің Семей облысы Өскемен уезі Бұқтырма селосына жер аударылуна байланысты тарала бастады. Аталмыш ілімнің жаппай етек жайып таралуы мен бірлестіктің құрылуы 1940-45 жылдарынан бастау алады.

Бүгінгі таңда республикада Ехоба куәгерлерінің 60 діни бірлестігі тіркелген. Ехоба куәгерлері діни бірлестігінің басым көпшілігі еліміздің оңтүстік өңіріндегі (Шымкент, Түркістан, Кентау, Леңгір, Сары-ағаш, Жетісай) шоғырланған қазақ, өзбек ұлттарының арасында көп таралған.

«Батыс Қазақстан облысындағы Ехоба куәгерлерінің христиандық қауымы» ЖДБ жетекшісі:  Дворецкий Александар Андреевич.

ЖЕТІНШІ КҮН АДВЕНТИСТЕРІ 

Жетінші күн адвентистері (бұдан әрі - ЖКА) Құдай әке, Бала (Иса мәсіх) және Қасиетті рух Құдайдың үштік бірлігі, Христостың Құдайлық және адами табиғаты, тәубеге келу мен шоқынудың қажеттілігі, Құдай алдындағы сот туралы жалпыхристиандық доктриналарды ұстанады.

ЖКА – протестанттық ағым, 1843 жылы АҚШ-та пайда болды. Адвентисттік діни ілімнің негізін қалаушы бұрынғы баптист Уильям Миллер (1782-1849 жж.). Адвентивизм ХІХ ғасырдың 60 жж. АҚШ-тан Еуропа елдеріне жетті.

Інжіл – сенімнің қайнар көзі ретінде мойындалады. Басқа еңбектердің барлығы діни ілімнің түсіндірмесі ретінде мойындалады және Қасиетті жазбаға сәйкес жері ғана қабылданады.

Құдай – әлемнің жаратушысы деген сенімді ұстана тұра, Адвентистер Жаратушы-Құдайдың адаммен сөйлесуге арнаған күні деп аптаның сенбі күніне аса ерекше көңіл бөледі.

Сенбі туралы ереже қоғам мен адвентистер арасындағы қатынастарда христиандық басқа діни бағыттармен болған шиеленістерден бөлек қиындықтар тудырған және одан әрі туындауда, өйткені олар сенбі күндері балаларын мектептерге жібермейді. Осының салдарынан Батыс елдерінде Адвентистер өздерінің орта және жоғарғы оқу орындарын салуда. 

Аталған конфессия мүшелері ішімдік, темекі, шай, кофе қолдануға тыйым салған және етті қолдануды шектеген.

ЖКА шіркеулері әлемнің 207 елінің 30 миллионнан астам адамдарының басын қосады, 892 ұлт өкілдерінің тілдерінде әдебиеттер шығарып, насихат жұмыстарын жүргізеді.

Қазіргі уақытта ТМД елдері аумағында 1500 жергілікті шіркеулері және  топтары бар. Анағұрлым белгілі шіркеулік мекемелер – Зао рухани академиясы, Зао христиандық гуманитарлық-экономикалық институты.

ЖКА қауымдастығы Қазақстанда ХХ ғасырдың басында пайда болды.

1902 жылы алғашқы адвентистер қауымы Өскемен, Семей, Ақмола облысындағы Рождественка ауылында және Қостанай облысында пайда болды.

Қазіргі уақытта республика аумағында 42 діни бірлестік тіркелген.

ЖДБ «Орал қаласындағы жетінші күн адвентистері жергілікті христиан шіркеуінің «Жетінші күн Адвентист шіркеуінің» жетекшісі - Миллер Андрей Александрович.