нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Қазақстанда іске асырыл жатқан қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Транспаренси Интернешнлде оң баға алды

2018 жылғы 22 ақпанда Транспаренси Интернешнлдің 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі ресми жарияланды, оған сәйкес Қазақстан 31 ұпай жинап және әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартты.

Транспаренси Интернешнл барлық әлем бойынша сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне зерттеу жүргізетінін және осы жылы бағаланған елдердің саны 180-ге дейін өскенін атап өткен жөн.

Бұл ретте, 2017 жылғы СТИ-де бір де бір ел 90-нан жоғары ұпайды иелене алмады, бұл сыбайлас жемқорлықтың әлімнің барлық елдеріне тән екенін дәлелдейді.

Өз кезегінде, Қазақстан 1999 жылдан бастап аталған рейтингтің қатысушысы бола тұра, алғаш рет 31 ұпайға қол жеткізді, бұл 30 ұпай бастапқы мәнді асып, барынша сыбайласқан елдердің категориясынан шығуға мүмкіндік берді.


Ағымдағы жылы, өткен жылдағыдай, СТИ аккредиттелген 9 халықаралық рейтингтік агенттіктердің мәліметтерінің және сарапшылар мен іскерлік топтардың арасында жүргізілген пікіртерімдерінің негізінде құрылды.

Анықтама: Бертельсман Қоры, Менеджментті дамытудың халықаралық институты, Дүниежүзілік экономикалық форум,

Анықтама: Бертельсмана қоры, Халықаралық менеджментті дамыту институты, Бүкіләлемдік экономикалық форум, Демократияның алуан түрлілігі  жобасы, Freedom House, IHS Global Insight, "The Economist" журналы,  Саяси тәуекелдер қызметі, Дүниежүзілік сот төрелігінің жобасы.

Өткен жылы Агенттікпен барлық 9 халықаралық рейтинг ұйымдарымен өзара іс-қимыл бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды, оның ішінде Германия, Швеция, Швейцария және АҚШ ұйымдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылған.

Анықтама:

Германия: Бертельсман қоры; Транспэренси Интернэшнл штаб-пәтері.

Швеция: Демократияның алуан жобасы.

Швейцария: Дүниежүзілік экономикалық форум; Халықаралық менеджментті дамыту институты.

АҚШ: Дүниежүзілік сот төрелігінің жобасы; Фридом Хаус; Дүниежүзілік банк; Саяси тәуекелдер қызметі.

Олардың зерттеулер нәтижелері бойынша IHS Global Insight, Бертельсмана қоры, Халықаралық менеджментті дамыту институтының, Дүниежүзілік сот төрелігінің жобасы, Демократияның алуан түрлілігі  жобасы, "The Economist" журналының сыбайлас жемқорлық көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады.

Мұндай нәтижеге қол жеткізу азаматтық қоғамның, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа "мүлдем төзбеушілік"  қалыптастыруда тиімді ынтымақтастықтың бастамасы болып табылады.

Ақпарат көзі: kyzmet.gov.kz